Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Рамазан айындағы оразаларыңыз қабыл болсын.
24 маусым, 2015 жыл 70 Басып шығару нұсқасы

  Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының қарсаңында Еліміздің барлық мешіттерінде тарауих намазы басталды. Жылдағы дәстүр бойынша Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде алғашқы тарауих намазы оқылды.


Бас имам Нуров Махмуд қажы Нұрұлы барша жамағатты қасиетті айдың келуімен құттықтап, сондай-ақ ҚМДБ-ның бұйрығы бойынша елімізге Түркия Республикасынан келген Фахри Йылмаз есімді қаримен жамағатты  таныстырып, халыққа сауапты істерден қалыспай, тарауих намазына  қатысуға шақырды. Сөз алған  Фахри Йылмаз Түркия Мемлекеті  мұсылмандарының жалынды  сәлемін халыққа жолдай отырып: «Алланың қалауымен биыл қасиетті рамазан айында сіздермен жүздестім, Алла оразаларыңызды қабыл етіп, Отандарыңызға амандық, жақсылық әкелсін», - деп өзінің  жақсы лебізін  білдірді.


Адамзаттың ардақтысы күллі ғаламның рақым нұры болған Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  «Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады», - деп айтқан.  Ардақты ағайын сауаптар еселенетін бұл айда жақсы амалдардан қалыс қалмайық.


[gallery link="file" size="medium" ids="17393,17394,17395"]



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары