Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ауызашар өткізу – бірлікті нығайтады
27 маусым, 2015 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

 Шапағаты мен шарапаты мол ұлық айда шынайы ниетпен жасалған әрбір жақсылықтың сауабы зор. Жамағатымен әрдайым бірлікте бола білген Теміртау қалалық мешіті 200-ге жуық жамағатқа ауызашар өткізді.  Ауызашар өткізілу барысында мешіттің  бас имамы Қанат Анасұлы Оразаның қабыл болуын тілеп, жиналған көпшілікке Рамазан айының қасиеті мен артықшылығы жайында мазмұнды да көркем  уағыздар жүргізді. Әсіресе жамағат жағына  Тарауих намазын оқудағы сауаптардың еселенуі жайы кеңінен насихатталды. Құран оқылып, бата жасалған соң ауызашар жайы қозғалды. Дін Исламға бет бұрып, имандылықты жүрегіне бекіткен жамағат 6  – 7 адаммен бірігіп, мешітте күн сайын  ауызашар беруге келісті. Жамағат бұл игі үрдісті 30 күн бойы мешітте жалғастыруды қолға алды.


[gallery link="file" size="medium" ids="17428,17429,17430"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары