Қайырымдылық пен жанашырлық айында Шет аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Карибеков Аян ауызашар берді. Берекелі дастархан мәдениет үйіндегі кітапханада жайылды. Өңір ақсақалдары, мекеме басшылары, зейнеткерлер мен зиялы қауым арнайы шақырылып, ақ дастарханның қадірлі қонағы болды. Ауызашарға қатысқан «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Берік қажы Алпысбайұлы рамазан айының қадір-қасиеті мен оразаның нығметтері туралы уағыз айтты. Жазушылар Одағының мүшесі Кәміл Жүністегі жиналған қауымның атынан ризашылық білдіріп, бата берді.
Хадис шарифте: «Мұсылман бауырына сый көрсеткен адам, Алла Тағаланы да сыйлаған болады» дейді (Исфахани). Осындай игілікті іс атқаратын бауырларымыз көп болғай.
«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі
Шет ауданы
Пікірлер