«...Хайырдан не істесеңдер, күдіксіз алла оны біледі» (Бақара сүресі, 215 аят) деген аятқа сүйенген Шет ауданының имамдары қайырымдылық шараларын тоқтатқан емес. Мешіт жамағаты Ақадыр кенті тұрғыны аз қамтылған отбасы Қойшыбаева Айгүлді азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қуанышқа бөледі.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлерде қайырлы істер атқаруда. Шет ауданы Ақжал кентіндегі «Ново-Цинк» басшысы Қойшанов Сәкен Қойшанович жеке меншік дүкенінде және наубайханасында азық-түлікпен нан бағасын арзандатып сатуда. Тауарларға 15 пайызға жеңілдіктер қарастырылған.
Қайырымдылықтың діңгегі материалдық қажеттілікті өтеу ғана емес, рухани байлықты да жетілдіру. «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Берік қажы Алпысбайұлы жергілікті жұртышылықты рухани азықтандырып келеді.
Бас имам Б.Алпысбайұлы С.Сейфулин кентіндегі «Күмісбек молда» мешітіне барып, «Қасиеті мол Рамазан» жайлы уағыз айтып жұма намазын өткізді. Сонымен қатар, бас имамның жетекшілігімен Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы, теолог Тағаев Нұрбол және Шет ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қасымов Жанболат Ақадыр кентіңде «Дін ағымдары» атты тақырыпта семинар өткізді. Семинарға мекеме қызыметкерлері, кент ақсақалдары мен жастар жиналды. Н.Тағаев «Иса молда» мешітінде жұма намазына қатысып «Уақыт ең асыл қазына» деген тақырыпта уағыз айтты. Ақадыр кенті А.Ермеков атындағы қазақ метебіндегі күндізгі лагерьдің балалары «Иса молла» мешітіне келіп, имам Кешубаев Азаматтың уағыз-насихатын тындады. Мешіт молдасы А.Кешубаев орталық ауруханада «Ораза айының қадір қасиеті» деген тақырыпта кездесу өткізді, кездесу барысында ақ халатты жандар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып қанағатанарлық жауаптарын алды.
Алдағы күнде осы секілді игілікті іс-шаралар жалғасын таппақ.
«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі
Шет ауданы
Пікірлер