Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Өнерде жүрген бауырларымыз ауызашар берді
07 шілде, 2015 жыл 107 Басып шығару нұсқасы




Теміртаулық бауырларымыз оның ішінде өнер  жолында жүрген бір топ өнер иелері Теміртау қалалық мешітінің асханасында ауызашар берді.


Ауызашарға Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы, ел ағалары, ақындар, ардақты аналар, Мешіт жамағаты, мемлекеттік мекеме қызметкерлері – жалпы 200-ге тарта адам келіп, жайылған дастарқаннан дәм татты.


Жиналған көпшілікті қасиетті рамазан айымен  ұйымдастырушылар құттықтап, ақжарма тілектерін айтты.


Бас имам Қанат Анасұлы асыл дінімізге қамқор, діннің тұғырын биік ұстауға барын салып жүрген өнерлі жандардың сауапты ісіне алғыс білдірді.   Шынайы ыстық лебізін білдіріп: «Рамазан - кешірім, мейріміге толы рухани-жаңару айы.  Барша адамды жақсылыққа, тазалыққа, имандылыққа шақыратын қасиетті айда сауапты да ізгі амалдар көп болсын. Алла  Тағалам Ораза ұстаған жанға, ауызашар өткізіп, Рамазанның қадір-қасиетін  шамасы келгенінше қастерлеп, қадір тұтқанына мың алғыс!", - деді.


Ауызашарда  рамазан айының қадір-қасиеті туралы уағыз насихат айтылды. Сонымен қатар, ауызашар кешін ақындар дін, дәстүрімізге толы жырларын, термелерін арнады.


Теміртау қалалық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="17705,17706,17707"]


 



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары