Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жақсылық - жамағатқа!
07 шілде, 2015 жыл 96 Басып шығару нұсқасы

 Шет ауданында РАНТ-ның мүшесі, Салауатты қоғамының төрағасы, Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы,  Тағаев Нұрболдың демеушілігімен және ішкі саясат бөлімінің бас маманы Смағұлов Елдостың ұйымдастыруымен ауызашар берілді. Облыс аумағынан жиналған 80-ге жуық жамағат берекелі дастарханның қонағы болды. Аудан әкімінің орынбасары Төлеуқұлов Бәкен Төлеуқұлұлы мен жазушы Кәмел Жүністегі ауыз ашар беріп отырған  азаматтарға  ризашылықтарын жеткізіп,  ақжарма тілегін білдірді. «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Берік қажы Алпысбайұлы Құран оқып, дұға етті. Дастархан соңында ақсақалдар алқасының төрағасы Сейілбеков Қуаныштай бата берді. Қарағанды өңіріне белгілі теолог Н.Тағаев  жиналған жамағатқа «Оразаның қадір-қасиеті» тақырыбында уағыз айтты.


«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі


Шет ауданы


[gallery link="file" columns="5" ids="17669,17670,17671,17672,17673"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары