Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мәслихат депутаты мешітте ауызашар өткізді
09 шілде, 2015 жыл 97 Басып шығару нұсқасы
 

Аллаға шүкір, қазақ дастарханы қашанда жақсылыққа, қуаныш-берекеге жайылған. Әсіресе қастерлі рамазанда  Алла разылығы үшін Ораза ұстаған жандарға күн сайын ауызашарлар көптеп  ұймдастырылуда. Ауызашарға ұйытқы болып отырған мейірімді жандардың қатарында мекеме басшылары, өнер адамдары, қаланың қадір тұтқан ер-азаматтары  бар. Таяуда  Теміртау қалалық мешітінің асханасында  Теміртау  қалалық мәслихатының депутаты Кеңесхан қажы 200 адамға ауызашар өткізіп, ел алғысына бөленді. Қараша халық жиналған ауызашарда  Теміртау  қалалық мешітінің найб имам Митератбек  Орынбекұлы  Рамазан жайлы, Ораза ұстаудың артықшылығы турасында кеңінен уағыз жүргізді. Құран оқылып, еліміздің ауызбіршілігі, тыныштығы мәңгі болсын деген ақ ниетпен бата жасалды.


Теміртау қалалық мешітінің баспсөз қызметі


[gallery link="file" ids="17682,17683,17684"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары