Берекесі мен ырысы мол Бұқар жырау ауданында қасиетті рамазанның құрметіне ізгі амалдар молынан жасалып, ауызашар кештері өткізіліп келеді. Соның бірегейі Бұқар жырау ауданыныі әкімі Көпжанов Нүркен Сайфидинұлы ауыз бекіткен барша жамағатқа «Жібек жолы» мейрамханасында ауызашар өткізді. Кеңінен жайылған ауызашар дастарханына мекеме басшылары, ауыл молдалары және ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қатысты. Өкіл имам көпшілікке арнап рамазан жайында уағыздарды насихаттап, ақжарма тілегін жеткізді. – Аудан мешіті мен аудан әкімшілігінің игі істердің басы-қасында бірге жүргендеріңізге мың алғыс! Алла істеріңіздің берекесін арттырсын. Рамазанда жасаған құлшылық-ғибадаттарыңыз, жасаған амалдарыңыз қабыл болсын. – деді, Ө.Қазкенұлы. Осы жиынды үлкен ықыласпен өткізіп отырған аудан әкімі мейірім, шапағатқа толы аймен құттықтады. Өз кезегімен сөз алған ауданның бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы нұрға толы рамазанмен барша жамағатқа құтықтау тілектерін, алғыстарын жеткізді.
Пікірлер