Нұрға толы Рамазанда Қарағанды облыстық орталық мешітінде шарапатты істер мен сауапты амалдар молынан атқарылды. Соның бірі маусым айының 20-сы мен шілденің 13-і күндері аралығында хабарландырылған «Нұрға толы Рамазан» тақырыбында ұйымдастырылған шығарма бәйгесі өз мәресіне жетіп, жүлдені табыстау рәсімі болып өтті. Осыған орай Қарағанды өңірінің ғана тұрғындары оның ішінде басым бөлігі жастар қатысқан бәйгеге 30-ға жуық шығармалар келіп түсті. Айтулы шығарма додасының қорытындысы Қадір түнінде көпшілік алдында жария етілді. Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Уақасов Мадияр Мейіржанұлы бәйге қоржынына келіп түскен шығармалар турасында кеңінен айта келе, барша қатысушы жандарға мешіт атынан зор алғысын айтып өтті. Арнайы бекітілген сарапшылардың іріктеуі бойынша бас жүлдеге Қарағанды қаласының тұрғыны Гүлмира Сабырқызының жолдаған «Сауапты іс – береке бастауы» шығармасы лайықты деп табылды. Бас жүлдені иеленген Г.Сабырқызына мешіт атынан 50 мың теңге табыс етілді. 30, 20 мың теңгенің жүлдесі II мен III орын алған жүлделілерімізге бұйырды. Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар да қатысушыларға құрметпен берілді. Шығарма бәйгесіне лайықты деп танылған мақалаларда қазақы дәстүріміз бен асыл дініміздің көркем тұстары кеңінен жеткізілген. Өрелі сөзді шебер өрнектеген қатысушыларымыз қасиетті айда атқарылатын сауапты амалдарды да өз шығармаларына арқау еткен. Бұл жайында ұйымдастырушылар: -Жақсылыққа толы насихаттың көркем түрі алдағы уақытта жалғасын табады- дейді, ұйымдастырушылар.
Қарағанды облыстық орталық мешітітң баспасөз қызметі
Пікірлер