Балқаш қаласының мешітінде айт мерекесі тойланды. Далаға киіз үйлер тігіліп, мол дастархан жайылды. Таңертеңгілік айт намазы оқылып, Балқаш қаласы мешітінің бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажы айттың қадір-қасиеті туралы уағыз насихат айтып, жамағатты мерекемен құттықтады. Өңір тұрғындары берекелі дастарханнан дәм татты. Мешіт ауласында қазақша күрес, арқан тарту сынды сайыстар ұйымдастырылып, мерекелік концерт өтті. Қарт кісілер арнайы келіп, мешіт жамағатына ризашылықтарын білдірді.
Балқаш қаласы мешітінің баспасөз хатшысы
Пікірлер