Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ватикан қаласынан келген құттықтау
20 шілде, 2015 жыл 7 Басып шығару нұсқасы

Жыл сайынғы игі дәстүр жалғасымен  қасиетті рамазан айынан соң, сән-салтанатымен 3 күн  Айт мерекесі тойланып өтті. Күллі мұсылман әлемі асыға қарсы алатын қуанышты айт мерекесінің екінші күні ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлына Ватикан қаласының  дінаралық диалог кеңесінің президенті Кардинал Жан-Луи Торанның Рамазан айына байланысты жолдауы  табыс етілді.


Барша мұсылмандардың  Ораза Айт мерекесіне аман-есен жетуімен құттықтаған  жолдаманы Қарағанды рим-католик епархиясының епископы Аделио Дель Оро  өкіл имамға арнайы табыстап, құттықтауын ыстық ықыласпен оқып берді.


Құттықтау жолдарында: «Әлем католиктері және өзімнің жеке атымнан «Ид аль-фитр» күнін  бейбітшілік пен шаттықта мерекелеуге деген шынайы тілектерімді жеткізгеніме қуаныштымын. Рамазан айында сіздер ораза ұстау, дұға ету, садақа беру, кедейлерге көмек көрсету, туған-туыстар мен достарға бару сынды көптеген діни  және әлеуметтік істерді атқарасыздар. Және Папа Францискпен бірге Рамазан айының жемісі мен «Ид аль-Фитр» күнінің қуанышы сіздердің адами және рухани күштеріңізді одан әрі жетілдіре түсуіне тілек білдіреміз.»-деп,  жылы лебіз білдірген.


ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша баспасөз қызметі


[gallery link="file" columns="2" size="medium" ids="18013,18014,18015,18016,18017"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары