Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Нуров Махмуд қажы «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасына сұқбат берді
23 шілде, 2015 жыл 171 Басып шығару нұсқасы

 31Қарағанды облыстық «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы «Уақыт» бағдарламасының бір күндік тақырыбын қасиетті Қадыр түнін насихаттауға арнапты. Осы мақсатта «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлын арнайы шақырып сұқбат алды.  Махмуд қажы осындай мүмкіндікті пайдалана барша мұсылман қауымын қадыр тұнімен құттықтап, дұға, тілектерінің қабыл болуын тіледі. Қадыр түнінің құндылықтарын насихаттап, журналисттің сауалдарына өтімді жауап берді. Бұл түнде қандай амалдар істеу керектігі, түнді дұрыс өткізу жолдары туралы нақты түсініктемелер берілді. Бағдарлама аясында сұрақтарына ұтымды жауап алған көрермендер, Қадыр түнін күтуге ынталары барлығын жеткізді. Бұл түнде Алланың ризашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерімізді арттыруымыз керектігі назардан тыс қалмады. Қадыр кешінің маңызына байланысты және Қадыр түніне қатысты жеткілікті мағұлмат беретін дін адамдарымен сұқбат құру  керек. Әсіресе, адам өз өзімен сұхбаттасып, қателіктерін танып, кемшіліктерін жоюға күш салуға, адамдармен достық қарым қатынасын күшейтуге, бірлік пен біртұтастықты арттыруға мән беруі тиіс.  Осы мақсатты көздеп, асыл дінімізді насихаттаған телеарна ұжымына алғысымызды білдіреміз!


«Бала қажы» мешітінің баспасөз хатшысы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары