Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Футболдан жарысқа түсті жамағат
23 шілде, 2015 жыл 102 Басып шығару нұсқасы

 Бас мүфти Ержан қажы Малғажұлы хазреттің  4 бағыт бойынша жүктеген тапсырмаларының негізінде Теміртау қалалық мешітінде бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Жамағатқа дәстүрлі дінімізді насихаттаумен бірге түрлі шаралар да ұйымдастырылуы жолға қойылған.  Соның бірегейі футболдан жарыс өткізу. Қызықты да тартысқа толы футбол  ойынын Теміртау қалалық мешітінің азаншысы Ташев Шохан  ұйымдастырып өткізді. Бұл додалы жарысқа Теміртау қалалық мешітінің ойыншылары  және Шахтинск қаласының жамағаттары қатысты. Теміртау қалалық мешітінің найб имамы Митератбек Орынбекұлы: «Жамағаттарың бірігіп ойын алаңында бой көрсетуі, баршамыз үшін  қуантарлық жағдай. Бірлігіміз бекем болсын. Ойынның сәтті өтуін тілеймін» - деп ойын алдында тілектес болды. Осылайша  ақ  тілек  соңынан кезекпен кезек ойын өтіп, кіл мықты топтар анықталды. Жүлдегерлерге бағалы кітаптар мен ақшалай сыйлықтар берілді.


 Теміртау қалалық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" size="medium" ids="18125,18126,18127,18128,18129,18130,18131,18132,18133,18134,18135,18136,18137"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары