Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шәууәл кешінде келелі сұхбат өтті
25 шілде, 2015 жыл 11 Басып шығару нұсқасы

Шәууал айы – шапағаты мол отыз күн оразаның сауабын арттыратын алты күндік ауыз бекітумен ерекшеленетін күндер. Осы күннің құрметіне Алланың разылығы үшін ауыз бекіткен мешіт жамағаттарына Қарағанды қалалық №1-мешітінде ауызашар берілді. Бас имам Орманбет қажы Болатұлы ұйымдастырған дастархан басында сұхбат өткізілді. Арнайы қонақ ретінде шақырылған «Салауатты қоғам» ҚБ-нің төрағасы, Қарағанды облыстық мешітінің ұстазы, РАНТ мүшесі, теолог Нұрбол Сайлауұлы жамағатқа Құран Кәрім аяттарының тәпсірін түсіндіріп, екі дүние бақытына бөленудің бағыты турасында насихат айтты. Имам мен жамағат арасындағы байланыс, мұсылман мен мұсылман ортасындағы көркем қарым-қатынас пен жәннатқа жетелейтін игі амалдар айтылды. Сауапты отырыс барысында имамдар мен жамағат бірлесіп оқылып жатқан Құран хатым қорытындыланып, береке тіленіп бата жасалды.


Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі



[gallery link="file" columns="2" size="medium" ids="18178,18179,18180,18181,18182,18183,18184"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары