Қарағанды қаласындағы «Бала қажы» мешетінің имамдары игілікті істерді атқарудан белсенді болып келеді. Наиб имам Нұржан Қалмағанбетов өз шәкірттерін ертіп, шілде айының 24-26 күндері Қарқаралы ауданындағы басты мешітте Құран хатым етіп қайтты. Жиырмаға жуық жамағат «Құнанбай қажы» мешітінде болып, сонда тәлім алып жатқан шәкірттерге үлгі көрсетті. Үш күндік сапарда атқарылған істер көңіл қуантарлық. Мешіттегі жамағатқа Құран Кәрім хатым етілсе, Қарқаралының сұлу табиғатында арнайы қой сойылып, құрбандарға Құран бағышталды. Жиырмаға жуық шәкірт наиб имамнан Құран хатым етудің тәртібін, ережесін меңгеріп, мол тәжірибе алды. Құран тыңдауға келген басқа да жамағат, дән риза болып, Алладан дұға етті.
«Бала қажы» мешітінің баспасөз хатшысы
[gallery link="file" ids="18225,18227,18226,18224,18223,18218,18219,18221,18222,18220"]
Пікірлер