Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Өрт сөндіру қызметкерлері діни-экстремизмнің алдын алмақ!
11 тамыз, 2015 жыл 102 Басып шығару нұсқасы


Қарағанды облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» АҚ Балқаш қалалық филиалының №3 отряд қызметкерлерімен дін және экстремизм мәселесін талқылау бойынша кездесу өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы Балқаш қаласы мешітінің бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажы Рахымжанұлы мен Конфессияаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Майлаяқов Адамия Көкманұлы. Жиын барысында өркениетті қоғамда діни сауатсыздықты жойып, ислам құндылықтарын меңгеріп, шариғат талаптарын орындау – діни экстремизмге қарсы қолданар басты құрал екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, діни экстремизмнің алдын алу жолдары, оларды ұйымдастыру, діни сауатты кеңейту, жаңадан келіп жатқан тәлімгерлерге ислам құндылықтарын меңгерту секілді бірқатар мәселелер бүгінгі жиынның қарастырған басты тақырыбы болды. Басқосуға қатысқан «Балқаш қаласы білім беру бөлімі» ММ қызметкері Асемханова Гүлнар Базылханқызы мен «Балқаш қаласы ішкі істер бөлімі» ММ өкілі Жүнісов ТЖД қызметкерлерімен өзекті ойларымен бөлісті. Жиын соңында Ислам шариғатымен амал етіп, өзгеге үлгі болу қажеттігі де ескерілді.


Балқаш қалалық мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="18345,18346,18347,18348"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары