Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жасыл елдің» мерейі үстем
19 тамыз, 2015 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

Елбасы бастамасымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы биыл тоғызыншы жыл өз жұмысын жалғастыруда. Осы бағдарлама негізінде ауыл-аймақтардағы мекемелерге қол ұшын созып жатқан жастар көп. Солардың біразы бүгін Шет ауданындағы «Жанқұтты би» мешітінің ауласын тазалап, сенбілік жасады. Мешіт айналасындағы арам шөптерді жұлып, тырмалап, көркейтті. Жайқалып өсіп тұрған гүлдер мен жас бұтақтарға су құйып, аулаға көрік беріп кетті. Мешіт маңайы жайқалып тұр. Бас имам Берік қажы Алпысбайұлы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген студент жастарға шын алғысын білдіріп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.


«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз хатшысы


[gallery ids="18437,18438,18439,18440,18441,18442,18443"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары