Мешіттің таза әрі көркем болуы - мұсылманшылығымызға тән. Бұл орайда Бұқар жырау аудандық мешіт басшылығы мешітке жиі көңіл бөліп, ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Таяуда Қарағанды мемелекетік техникалық университетінің ректоры, профессор жерлес ағамыз Ғазалиев Арыстан Мауленұлының демеушілігімен Бұқар жырау аудандық "Жыржыс қажы" мешітінің іші және сырты толықтай сырланып, толық жөндеуден өткізілді. Демеуші ағамыздың ұйымдастыруымен мешітке 4 ұста жіберіп, бір аптаның көлемінде мешітті көріктендіруге бар-күшін салды. Мешіттің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы Арыстан Мауленұлына зор алғысын білдіріп, қажырлы еңбектеріне сәттілік тіледі. Атымтай жомарт ағамыздың бұл көмегі бірінші рет емес, көбінесе Алла разылығы үшін демеушілік көрсетіп, қолдап келеді. Бізде әр бір ісі мұсылманшылыққа тән ағамыздың қайырлы ісіне Алла разы болсын деп тілейміз.
Бұқар жырау аудандық "Жыржыс қажы" мешіті
Пікірлер