Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

"Нұр" мешітіндегі "Мектепке жол" акциясы
25 тамыз, 2015 жыл 84 Басып шығару нұсқасы

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің жаңа бастамаларының негізінде бірнеше жыл бұрын республикалық деңгейде "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы қараша халыққа жол тартқан болатын. Бүгінде еліміздің барлық мешіттерінде дерлік бұл игі шара тұрмыстық жағдайы аз қамтыған және көпбалалы отбасылардың балаларына арналып, өткізіліп келеді. Биылда жаңа оқу жылы қарсаңында қайырымдылық шарасына өз кезегімен Шахтинск қалалық "Нұр" мешіті де өз үлестерін қосты. (Суретте)


Шара жайында мешіттің бас имамы Досбол Ыдырысұлы: "Кез-келген бала оқу мезеті жақындағаннан бастап жаңа мектеп формасын, оқуға қажетті құрал-жабдықтарын, түрлі-түсті, әдемі заттарының болғанын қалайды. Біз жас оқушының осындай арманына азда болса заттарын алып беріп, көмектесіп, мейірім, қуанышқа бөлеуге тырыстық. Келуші ата-аналар да дән риза. Біздің шараны өткізудегі мақсатымыз да осы болатын. Бұл сәтте де мешіт ұжымы тарапынан оқуын жақсы оқысын деген ізгі ниетпен дұға жасап, тілеулес болдық" - деп, өз ойымен бөліскен еді.


Шараның өткізілуі мұнымен тоқтап қалмайды. Жәрдем сұрап келуші  мұқтаж жандарға мешіт  шама-шарқы жеткенінше көмек береді.  Бастысы бүгінгі шараға арқау болған жас өрендеріміздің қадамы нық, алған ілімдері пайдасынан болсын деп тілейміз.


Шахтинск қалалық "Нұр"  мешіті


[gallery link="file" ids="18576,18577,18578,18579,18580,18581,18582"]

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары