Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

№1-мешіт елу отбасын елеусіз қалдырмады
01 қыркүйек, 2015 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық мешітінен бастау алған балаларды қуантып, шат көңіл сыйлайтын қайырымдылық шара жылдағы дәстүр ретімен Қарағанды №1-мешітінде атқарылды. Мешіт имамының атына берілген өтініштерден құралған тізімдер бойынша елу отбасының балаларына мектепке қажетті сөмкелер мен оқу құралдары тарту етілді. Бас имам Орманбет Болатұлы ата-аналар мен балаларды Ата заң және білім күнімен құттықтап, білімді болудың артықшылықтары турасында насихат айтты. Ертеңгі еліміздің келешегі болып саналатын балаларымыздың саналы ұрпақ болуын тілеп ақ батасын берді. Бала қуанса, елдің мерейі артады деген ниетпен шара соңынан балаларға балмұздақ таратылды.


Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="18644,18645,18646,18647,18648,18649,18650,18651,18652,18653,18654,18655"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары