Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жастар бөлімінің жұмысы жалғасады
03 қыркүйек, 2015 жыл 78 Басып шығару нұсқасы

«Жалпы және Жастар» бөлімінің жетекшісі Мирас Эрланұлы мешітке келген жастармен ғана емес, сондай-ақ мешітке алғаш рет келген қонақтармен де жұмыс жасауда. Өткен аптада Қазаннан келген азаматтарды қалалық мешіттің сәулетімен таныстырып, асыл дініміздің құндылықтары мен мешіттің негізгі атқаратын қызметтері турасында баяндап берді. Қонақжайлық құрметке байланысты халқымыздың дінге қатысты дәстүрлерін айтып өтіп, жолаушылық сапардың сәтті болуын тілеп бата берді. Одан кейін бас имамның тапсырмасы бойынша құрбан айттың қарсаңында мерекелік шара өткізудің жоспарын негізге ала отырып, мешіт ақсақалы мен қажылар қауымдастығының төрағасы және жастардың басын қосып сұхбат өткізді. «Үлкенге ізет, кішіге құрмет» көрсетуді басты ұраны етіп ұстанған жастар ұйымы бұған дейін өткізілген іс-шаралардың жалғасы ретінде тың жобаларды ойластырып қойды.


Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="18683,18684,18685,18686"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары