Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Алқалы жиында ауқымды жайттар да назарға алынды
07 қыркүйек, 2015 жыл 77 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қарағанды облыстық орталық мешітінде ұлық мереке құрбан айттың қарсаңында облысқа қарасты қала, аудан мешіттерінің бас имамдарының қатысуымен алқалы жиын өтті. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жыл сайын жоғары деңгейде атап өтілетін ұлық мерекенің мән-маңызы мен айт күнгі атқарылатын іс-шаралардың барысын талқылады. Дін мен дәстүр сабақтастығын арттыратын көріністер жасап, ұлттық нақышта киіз үйлер тігіп, ұлттық ойындар мен салауатты өмір салтына жетелейтін спорттық шаралардың мазмұнды өткізілуін дін қызметкерлеріне жүктеді. Сонымен қатар, құрбан шалынатын орындардың санитарлық жағдайы мен сауапты рәсімді атқаруға үлкен жауапкершілікпен және белсенділікпен тиянақты атқару барысына жете мән беруге шақырды. Құрбан айтқа қатысты іс-шаралар жан-жақты қарастырылған жиында Астанадағы «Президент телерадиокешені» ғимаратында белсенді жастармен кездесуі кезіндегі дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің «Осынау алмағайып заманда біздің елімізге тек бірлік керек. Жастар жақсы жұмыс жасағаны жөн. Қазір көріп отырсыздар, «ИМ» деген шықты. Бұл бір елге ғана емес, бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұр. Күннен-күнге қуаты күшейіп жатыр. Біздің кей жастарымыз да солардың сөзіне еруде. Сондықтан біз жастардың жүрегіне елдің ертеңі жайлы сенім ұялатқанымыз абзал», - деген радикалды ағымдардан сақ болуға шақырған сұхбатын ойға салып, халқымыздың болмысына жат ағымдармен күресу тетіктерін де атап өтті. Бүгінгі уақыттың өзекті болып отырған тақырыптарының бірі некеге қатысты жайттар да ортаға салынды. Қазіргі кезде еліміздегі барлық мешіттерге АХАЖ бөлімінің анықтамасы болмаса ешбір жұпқа неке қимау жөнінде тапсырмаға жіті қарауды тапсырды. Осы және өзге де тың тақырыптар қамтылған басқосуды өкіл имам батамен аяқтады.


[gallery link="file" ids="18772,18773,18774,18775,"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары