ҚМДБ-ның өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының жоспарлы тапсырмасы бойынша Бұқар жырау ауданының бас имамы Аманбол қажы
Рымқұлұлы қалыптасқан дәстүрмен ауданға қарасты ауылдар мен елді мекендерді аралауды бастады. Кесте ретімен жүргізілген сапар барысында Қарақұдық, Алғабас, Керней, Баймырза ауылдарын аралап, мешіттердің тыныс тіршілігін бағамдап, қысқы маусымға дайындық барысы мен құрбан айттың қарсаңындағы дайындықтарын тексерді. Ауыл мешіттерінің имамдарымен сұхбат жүргізіп, ҚМДБ-дан жүктеліп жатқан тапсырмалардың маңызын түсіндіріп, бірқатар міндеттер жүктеді. Орайы келгенде бас имаммен кездесуге келген жергілікті жамағат та көкейдегі сұрақтары мен ұсыныстарын ортаға салып, діни ахуалдың жағдайын бөлісті.
Пікірлер