Жер-жерде қажылық сапарға аттанатын кісілерді дәстүрге сай ақ батамен шығарып салу сәті жүріп жатыр. Сол негізде Қарағанды №1-мешітінде жамағаттар бас қосып, қажылыққа баратын бауырларымызға игі тілектерін айтты. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қажылыққа барудағы бұрынғы кезең мен қазіргі заманғы айырмашылықтарын салыстырмалы түрде сараптап, оны орындау барысындағы өзіндік сынақтарға сабырлық танытуға үндеді. РАНТ мүшесі, облыстық мешіттің ұстазы Нұрбол Тағаев жамағатқа парыз амалдарды ықыласпен орындау, ниет пен амалдың үйлесімділікте болуы турасында насихат айтты. Шараға қатысқан қонақтар да ел мен жұртқа тыныштық пен береке тілеп, игі тілектерін жолдады. Мәнді өткен басқосудан соң мешіт ақсақалдары ақ бата беріп, дүниеден озғандарға дұға бағышталды.
Қарағанды №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер