Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Биыл Құрбан айт 24 қыркүйекте басталады
14 қыркүйек, 2015 жыл 14 Басып шығару нұсқасы

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде, ұлттық нақышта атап өтеді.


Бас мүфи Ержан қажы Малғажыұлы облыс, қала, аудан, ауыл имамдарына жолдаған ресми хатта мешіт аулаларына киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойын түрлерінен арнайы жарыстар өткізу, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру, қайырымдылық акциялар ұйымдастыру, т.б. шараларды жүзеге асыру қажеттігі айтылды.


Сонымен биыл еліміздің мұсылман қауымы Құрбан айтты 24 қыркүйекте тойлайды. Айта кетсек, бұл күні халқымыз Құрбан айттың құрметіне бір күн демалады.


ҚМДБ Баспасөз қызметі


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары