Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Сфера» телеарнасынан Теміртау тұрғындарына хабарлама жасалды
15 қыркүйек, 2015 жыл 92 Басып шығару нұсқасы

Жуырда өткен Қарағанды облыстық мешітіндегі алқалы жиында қаралған мәселелердің бірі – ұлық мереке құрбан айтты жоғары деңгейде өткізу барысы болатын. Осы жайтты негізге ала отырып Теміртау қалалық мешітінің бас имамы - Қанат Анасұлы құрбан айтқа қатысты қағидаларды қамтып, жергілікті «Сфера» телерарнасына сұхбат берді. Сұхбатта құрбан шалудың маңызы, қысқаша тарихы және айт күнгі әдептер мен осы күндерде қайырымдылық істерді кеңінен атқару жайында насихат айтты.


Сонымен қатар, бас имам мешіт қызметкерлеріне жиын өткізіп, Құрбан айт мерекесіне дайындық барысын талқылады. Құрбан айтты ҚМДБ – ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының жүктеген тапсырмаларына сай өткізу жоспарланып, тиісті ойлар ортаға салынды. Жиыннан соң құрбан айтқа қызу дайындық басталып кетті.


Теміртау қалалық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="18899,18900"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары