Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

М.Әуезов кітапханасындағы басқосу
16 қыркүйек, 2015 жыл 106 Басып шығару нұсқасы

image1Алланы танып білуге асыққандарға Алланың нұры жаусын! Мұхтар Әуезов кітапханасының қызметкерлері Алланы танып-білу мақсатында арнайы маманнан білім көзін ашуды мақсат етті. Осы негізде «Бала қажы» мешітінің бас имамы Махмуд қажы Нурұлының келісімімен осы мешіттің наиб имамы Нұржан Оңғарұлын арнайы шақырып, Исламның негізі мен құндылықтары жайлы, Аллаға құлшылық етудің жолдарынан мол насихат тыңдады. Алла Тағаладан: «Раббың: «Одан өзге ешкімге құлшылық етпеңдер және ата-аналарыңа игілік жасаңдар!» — деп әмір етті деген хадис жеткен. Жер бетінде қанша тіршілік болса, соның барлығы да Аллаға иіліп, құлшылық етіп тұрады. Бүгінгі кездесуге мектеп мұғалімдері де қатысты. Тағылымды кездесуде Нұржан Оңғарұлы: - «Жүрегінде иманы бар әрбір мұсылман Аллаға құлшылығын ешуақытта тоқтатпау қажет. Мешітке барып, діни сауат ашып, иманды берік ету қажет. Намаз оқып, ораза ұстап, садақа беру абзал. Бес уақыт намазды уақытылы орындауға ерінбей, керісінше мол сауап тілеп, нәпіл намаз оқып, иманымызды арттыра түсуіміз керек. Аллаға құлшылық жүректен басталады. Жоғарыда келтірілген мысалдардың барлығы да, құлшылықтың бір ұшқыны ғана іспеттес. Жүректегі иманды күшейтіп, бес парызды орындап, мінезді көркейту Жаратқан Иемізге деген құлшылықтың шынар шегіне жеткізеді» - деп, дінімізді сауатты түрде тануға үндеді.


«Барлық күнәнің үш негізі бар: тәкаппарлық – Ібілісті ең төменгі дәрежеге жеткізді; құлақ аспай талпыну – Адам алейхиссаламды Жұмақтан шегерді; көре алмаушылық – Адам алейхиссаламның ұлын өз бауырына қастандық жасауына итермеледі. Осы үш қасиеттен қорғанатын адам қастандық, сенімсіздік пен тәкаппарлықтан ада болады» деген хадис бүгінгі басқосудың түйіні болды. Кітапхана қызметкерлері мен мұғалімдер көкейлеріндегі сауалдарына ұтымды жауаптар алып тарқады.


«Бала қажы» мешітінің баспасөз хатшысы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары