Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балқаш қаласының Құрбан айтқа дайындық шаралары пысықталды.
22 қыркүйек, 2015 жыл 97 Басып шығару нұсқасы

Балқаш қаласында мешіт имамдары БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Қала мешітінің бас имамы Асылхан қажы Рахымжанұлы Құрбан айтта өткізілетін іс-шаралармен таныстырды. Айт намазы 24-қыркүйек күні таңғы 8:00-де басталады. Айт намазынан кейін мешіт ауласында дайындалған арнайы орында құрбандық шалынады. Мерекенің екінші күні құрбандыққа шалынған мал еті әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көмекке мұқтаж жандарға таратылып, жылдағы дәстүр бойынша мешіт ауласында қазақтың ұлттық ойындары – «садақ ату» «арқан тартыс», «күрес», «кір тасын көтеруден» жарыс ұйымдастыру жоспарлануда. Осы мақсатта бүгіннен бастап мешіт алдына киіз үйлер тігіліп, дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 23-қыркүйек күні ауланы тазарту жұмыстары өтеді. Әрбір қала тұрғындары шығып, ат салысуына болады.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз хатшысы


[gallery link="file" ids="19066,19067"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары