Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мектеп оқушылары «Мұсылман тұғырнамасымен» танысты
26 қыркүйек, 2015 жыл 101 Басып шығару нұсқасы

Абай аудандық мәдениет сарайында мектеп оқушыларымен кездесу өтті. ҚМДБ-ның жанындағы «Жастар ісі бөлімінің» меңгерушісі Мадияр Мейіржанұлы оқушылармен сұхбаттасып қайтты. Кездесудегі мақсат 19 ақпанда өткен имамдар форумында бекітіліп, жарыққа шыққан «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» жинағымен таныстыру. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз Жарғысы негізінде мемелекетіміздің зайырлы даму жолында Қазақстан мұсылмандарының өзге дін өкілдерімен, дін жолын ұстанбайтындармен ынтымақтастықта тіршілік етіп, ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтаудағы отандық тәжірибені қолдайды. Тұғырнамада мұсылманның негізгі діни ұстанымдары, білуге тиісті діни мәселелері және оның зайырлы қоғам тіршілігіне, мемлекеттің заңдары мен қоғамда қалыптасқан тәртіптерге қарым-қатынасы, білім алуға, Отанды қорғауға, отбасы, қоршаған ортаға, салт-дәстүрді сыйлауға қатысты көз қарастар айқын көрсетіледі. Аталмыш жинақ ата дінімізден хабар бере отыра, жастарды басқа ағымдардың алалауынан сақтайды. Сауатты ұрпақ тәрбиелеуде қажетті құрал.


Қарағанды облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19165,19166,19167"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары