Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ұлттық ойындар жеңімпаздары анықталды
26 қыркүйек, 2015 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

Бірлік пен ынтымақтастыққа үндейтін берекелі мереке жалғасуда. Қарағанды қаласында Құрбан айттың екінші күні жұма намазынан кейін дәстүрге айналған әдет бойынша қазақтың ұлттық ойындары өтті. Облыстық орталық мешіт ауласына киіз үй құрылып, ата - бабамыздан бізге жеткен, өткені мен бүгінгісін байланыстырған асыл қазынамыз – ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Шара Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен дәстүр жылы» аясында «Жастар ісі бөлімінің» меңгерушісі Уақасов Мадияр Мейіржанұлының ұйытқы болуымен өтіп отыр. Қатысушылар «Қазақша күрес», «қол күрес», «арқан тартыс», «кір тасын көтеру» сияқты спорт түрлерінен бақ сынасты. Торқалы тойға жиналған жұрттың арасынан күш сынасамын деушілер суырылып шығып, тамаша ойын үлгісін көрсетті. Жеңімпаздар жүлделі орындар мен ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бүгінгі таңда кеңінен насихатталып, көңіл бөлініп жүрген «қазақша күрес» жеңімпаздарына облыстық орталық мешіттің атынан I орын иегеріне 100 мың теңге, II орын – 50 мың , III орынға – 30 мың теңге ақшалай сыйлық берілді. Жамбасы жерге тимеген балуан Шынкеев Олжас жеңіске жетіп, Искаков Дәулет пен Шахатов Ерғанат II, III орындарды қанжығалады. «Арқан тартыс» ойынында «Жастар» командасы топ жарып алға шықты. «Еңбек» және «Қайрақты» командалары II, III орындарды қанағат тұтты. Білек күшітерін сынайтын «қол күрес» пен «кір тасын көтеру»ойындары да тартысты өтіп, жүлделі орындармен марапатталды. Мешіт алдындағы киіз үйде дастархан жайылып, келушілер мерекелік астан дәм татты.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19190,19191,19192,19193,19194,19195,19196,19197,19198,19199,19200,19201,19202,19203,19204,19205,19206,19207,19208,19209,19210,19211,19212,19213,19214,19215,19216,19217,19218,19219,19220,19221,19222,19223,19224,19225,19226,19227,19228,19229,19230,19231,19232,19233,19234,19235,19236,19237,19238,19239,19240"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары