Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Құрбан айт – құтты мереке!
28 қыркүйек, 2015 жыл 10 Басып шығару нұсқасы

Қастерлі мерекені Балқаш қаласы да атап өтті. Құрбан айттың бірінші күні Алланың ақ үйіне асыққандар санында шек жоқ. Таң сәріден жиналған жамағатқа мешттің бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажы «Құрбан айт күнінің қасиеті, құрбан шалудың артықшылығы» турасында әсерлі уағыздар айтты. Қала әкімінің орынбасары А.Б.Қапасов мешітке арнайы келіп, барша мұсылман бауырды ұлық мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, қасиетті мерекені қастерлеп келген Конфессияаралық қарымқатынас мәселелерін зерттеу және талдау орталығының басшысы Адамия Көкманұлы да арнайы Айт намазына қатысып, Балқаш жұртшылығына құттықтауын жеткізді. Таңғы сағат 8:00-де Айт намазы оқылып, намаздан соң құрбандық шалынды. Мерекенің екінші күні Жұма намазынан кейін мешіт ауласындағы киіз үйде кең дастархан жайылып, ел-жұрт берекелі дастарханнан дәм татты. Бірлікті ту еткен бейбіт заманда осынау дінімізбен біте қайнасқан дәстүрімізді жаңғыртудың сәті туды. Қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылып, додаға түскен қатысушылар «қол күрес», «кір тасын көтеру», «садақ ату» сынды ойындарда бақ сынасты. «Садақ ату» сайысында нысанаға дәл тигізген кіл мергендер іріктеліп, орындармен марапатталды. «Кір тасын көтеру» және «қол күрес» сайысында да мықтылар анықталды. Дүркіреп өткен жарыс та өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар белгіленген орындарды иеленіп, және жақсы нәтиже көрсеткен қатысушыларға түрлі сыйлықтар берілді. Бас имам барша қатысушыларға құрметпен алғыс білдіріп, дүбірлі додада оқ бойы оза шыққан қатысушыларды марапаттады. Жиналған халық думанды тойдан жақсы көңіл-күймен тарасты.


Мүбәрак мейрамның құрметіне орай, Балқаш қаласының әкімі Абиулин Александр Минвалиевич құрбан шалынған еттерден 50-ден аса әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға, мүгедек жандарға, жетім-жесірлерге таратты.


Құрбан айт мерекесі Балқаш жерінде осылайша халыққа ерекше әсер сыйлады. Алла Тағала баршаңыздың шалған құрбандықтарыңызды қабыл етсін!


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19242,19243,19244,19245,19246,19247,19248,19249,19250"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары