Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Құрбан айт мерекесі Шахтинск қаласында
28 қыркүйек, 2015 жыл 11 Басып шығару нұсқасы

Алладан рахым, пайғамбарымыздан шапағат тілейтін Құрбан айт мейрамы әлемнің әр түкпірін мекендеген мұсылман қауымның бірлігін нығайта түсті. Ізгі амалдары арқылы Раббымызға жақындай түсіп, сауапты істер жасауға ұмтылған мұсылман халқы бұл күні құрбандық шалып, бір-біріне қамқорлық, қайырымдылық жасасты. Қасиетті мерекені Шахтинск қаласы да ерекше тойлап өтті. Айт намазына жиылған қауымның санында шек болмады. Таң сәріден Алланың қасиетті үйі мешітімізге асығып келген ақсақалдар мен әжелеріміз, отбасының тірегі болған отағалары мен жанұяның ұйытқысы болған ақ жаулықты аналарымыз жанына перзенттерін ертіп, Аллаға құлшылық етіп, сәждеге бас қойды. Бір қуантарлығы, асыл дініміз исламның шариғатын танытатып, ізгілік қадір-қасиеттерді дарытатын осындай айтулы қасиетті мерекеде жастардың көп болуы. Мешітіміздің бас имамы Досбол Сейдалиев айт намазына жиналған қауымға қасиетті Құрбан айт мейрамының ерекшеліктері жайлы уағыздар айтып, пайғамбарымыздың өнегелі өсиеттерінен насихаттар жүргізді. «Бұл күні адамзаттың адамгершілігі мен қамқорлық әрекеті таразыға түсіп, сынға алынады. Өзінің қайырымдылық істері арқылы барша мұсылман жамағаты Алланың сүйіспеншілігіне бөленетін күн. Сондықтан кімде-кім мүмкіндігі төмен отбасыларға, жетім- жесірлерге қолдау көрсетіп, көмек қолын созса, сол адам әрқашан құрметке кенеледі.»,- деді бас имам. Шаһарымыздың ортасында орналасқан «Нұр» мешіті алдында қала тұрғыны Сүлеймен Шарапатов өз атынан киіз үй тігіп, мұсылман жамағаты қазақы тағамдар толы ақ дастарханнан дәм татып, ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды. Өзара күш сынасқан мұсылман бауырлар қол күрестірді. 17 кісі қатысқан бұл жарыста Айваз Валиев топ жарды. 24 келі салмақтағы қос гір тасын көтеру сайысында Виталий басымдық танытып, 10 азаматтың ішінен суырылып шықты. Арқан тарту жарысы да қызықты өтті. Сондай-ақ, Жаңаарқа, Абай аудандарынан, Шахтинск қаласының кенттерінен келген мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар құрбан шалушылар үшін малдарын арзан бағамен сатты. Өзгенің көмегіне мұқтаж болған жандарға арнап бірінші болып қала әкімі Сержан Аймақов құрбандық шалып, отбасыларына амандық-саулық тіледі. Атаулы мейрамда жамарттық танытып, қамқорлық жасаған азаматтарға халық ризашылықтарын білдірді.


Шахтинск қаласы «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі Аманкелді Тұржанов


[gallery link="file" ids="19334,19335,19336,19337,19338,19339,19340"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары