Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртаулықтар Құрбан айтты атап өтті
29 қыркүйек, 2015 жыл 61 Басып шығару нұсқасы

     Халық арасында татулық пен бірлікті нығайтып, сауапты істер жасалатын құтты мереке –Құрбан айт Теміртау қалалық мешітінде де жоспарға сай өтті. Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтап, жақсылықтың жаршысы болған күні игілікті іс жасауға шақырды. Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әбиханұлы да жамағатпен кездесіп, тұрғындарды құрбан айт мерекесімен құтықтады.


        Жиналған жамағат айт намазын оқып, жағдайы жеткен мұсылманға парыз етілген амалдардың бірі –құрбан шалу рәсімін орындады. Құрбан шалу Аллаға бағынып, мойынсыну және оның жолындағы жанкештілікті білдіреді. Бір ғана Алла разылығы үшін шалынған мал еттері әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жетімдер ен кембағал жандарға таратылды. Құрбан айт –достық пен татулықтың күні. Мерекенің алғашқы күні спорт ойындары ұйымдастырылып, жастар бар күш-жігерлерін салып жарысты. «Күрес» өткізіліп жауырыны жерге тимеген мықтылар іріктеліп, орындармен марапатталды. Әрі қарай команда болып футбол да ойнады. Аяқ доп шеберлері керемет ойын үлгісін көрсетіп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстылды. Мереке күнгі іс-шаралар елдігіміз бен егемендігіміздің іргесін бекітіп, бауырмалдыққа баулиды.


Теміртау қалалық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19358,19359,19360,19361,19362,19363,19364,19365,19366,19502"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары