Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Университет ұжымы құрбандық шалды
29 қыркүйек, 2015 жыл 103 Басып шығару нұсқасы

Теміртау қалалық мешітінде үлгі аларлық игі іс жасалды. Қарағанды мемлекеттік индустриялдық университеті құрбандық шалып, жамағатқа дастархан жайды. Келушілер астан дәм татып, әсерлі уағыз тыңдап қайтты. Теміртау қалалық мешітінің наиб имамы Митератбек Орынбекұлы университет ұжымына құрбан айт мүбәрак болсын деп, жасаған игі амалдары үшін алғысын білдірді. Жастарға пайдалы білім алуға, бір-біріне бауырмал болуға шақырды. Өзге дін ағымынан сақтанып, шынайы білім іздеуге үндейтін уағыз–насихаттарын жеткізді. Университет мұғалімдері мен студенттері бірлесе отырып, спорттық шаралар өткізді. Мұсылман қауымына ортақ мерекеде ат салысып, өнегелі іс жасауды азаматтық парызы санаған Университет ұжымы да барша жұртты айтулы мерекемен құттықтап, мешіт қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.


Теміртау қалалық мешітінің баспасөз қызметі.


[gallery link="file" ids="19369,19370,19371,19372,19373,19374,19375,19376,19377,19378,19379,19380,19381,19382,19383,19384,19385"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары