Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жомарт жандардың арқасында жаңа мешіт ашылды
29 қыркүйек, 2015 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

Бұқар жырау ауданы, Керней ауылы Құрбан айтты жаңа мешітте қарсы алды. Мереке күні Алланың ақ үйі есігін айқара ашты. Мешіттің салтанатты ашылуына Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Б.З.Қосмағанбетов пен Қарағанды облысы бойынша дін істері басқармасы орынбасары С.Қ.Тілекпаев қатысты.


Ауылдың ескі мешіті тозығы жетіп, апатты жағдайда тұрған еді. Құлшылық орнын тұрғызу тұрғындардың көптен-күткен арманы болған. Көптің арманын сол ауылдың тумасы Асыл Нұрғалиұлы орындады. Туған жеріне мешіт тұрғызып беруді толықтай өз қолына алып міне, бүгін де халықтың алғысына кенеліп отыр. Иісі мұсылман қауымында мешіт салу аса сауапты іске саналады. Бұл турасында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Кімде-кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды»,- дейді. Жаңа мешіт заманауи жабдықталған 5 бөлмеден тұрады. 80 адамға дейін намаз оқуға мүмкіндік бар. Мешіт ішіне суық су мен ыстық су да тартылып, құлшылық жасауға ауыл тұрғындары үшін барлық жағдай қарастырылған. Жұмсақ және заманауи жиһаздармен жабдықталған кітапхана, неке қиюға арналған зал мен құран оқитын бөлме де халық үшін қызмет ететін болады. Алыс жақыннан келген имамдар мен ауыл тұрғындарына қос қуанышқа орай ас беріліп, ауыл ішінде «теңге алу», «көкпар тарту» сынды ұлттық ойындардан жарыс өтті.


Бұқар Жырау ауданы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19399,19400,19401"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары