Теміртау қалалық мешіті жетімдер үйінің тәрбиеленушілерін қарсы алды. Қасиетті құрбан айт мейрамына орай бас имам Қанат Анасұлының ұйымдастыруымен мешітке жетімдер үйінен балалар шақырылып, ас берілді. Тағдырдың тауқыметін ерте тартқан бүлдіршіндерге қазақ –орыс тілдерінде уағыз айтылып, сыйлықтар таратылды. Ата-ана қамқорлығын көрмей өскен бұл балалардың тәлім-тәрбиесі қоғамның алдындағы борыш. Елдің ертеңі осы буынның қолында. Сондықтан-да, балаларға жастайынан үлгі –өнеге көрсетуді мешіт ұжымы мақсат тұтып отыр. Қонақ болған балалар тәтті-дәмдерге қуанып, алғыстарын білдіріп жатты. Мұндай игі шара әлі де ұйымдастырылады деген ниетте мешіт ұжымы.
Пікірлер