Барша мұслманды қуанта келген Құрбан айт мерекесінен Нұра өңірі де қалыс қалмады. Нұра аудандық орталық мешітіне жиналған жамағатты бас имам Құмар Қоныскерей қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Ибрахим пайғамбардан (а.с) сүннет болып қалған құрбандық шалу әдебі түсіндірілді. Алла құрбандық шалумен қатар, жағдайы жеткен әр мұсылманға бұл күні жоқ-жітімге қарайласып қайырымдылық жасауды бұйырған. Мешіт тарапынан қасиетті күні отбасы жағдай аз қамтылған отыз бес жанұяның елу баласына аяқ киім үлестірді. Ауылдың жомарт жандары да құрбандық шалып қайырымды іс жасады. Бекмағанбетовтер әулеті құрбандыққа шалған қара мал етін сол жердегі әлеуметтік жағдайы төмен 35 отбасы етпен қамтылды.
Мешіт жанында құрылған киіз үйден ас беріліп, көпшілік ары қарай спорттық ойын-сайыстарды тамашалады. Тартысты жарысқа спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Ж .Имашев төрелік етті. Жылылық пен жайлылық ұялаған Алла үйіне жиналған жамағат қуанышты көңілмен тарқасты. Елімізде әрдайым тыныштық, татулық болып, Алла Тағала тілек-дұғаларымызды, ықылас-ниеттерімізді қабыл етсін!
Нұрыш Нақыпова
Пікірлер