Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Терроризмнің алдын алу шаралары жүргізілуде
05 қазан, 2015 жыл 114 Басып шығару нұсқасы

Жаңаарқа ауданында дін өкілдері мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Жиналудағы басты мақсат бүгінгі таңның күрделі мәслесіне айналып, ушығып тұрған экстремизм мен терроризмге қарсы күрес. Осы орайда Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Жаримбетов Мұхит балалармен ауданның мәдениет үйінде бас қосып, адамзатты мейірімділікке үндейтін ислам діні туралы түсіндірді. Мешіт ұстазы ата дінімізден адасып жүргендердің теріс қылықтарын Құран Кәрімнен мысал келтіре отыра ұғындырды. Ертеңгі жарқын болашақтың кепілі жастар мен жасөспірімдерді ақиқатты тануға шақырып, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының имамдар форумында бекітілген "Қазақстан мұсылмандар тұғырнамасы" таныстырылды. Ұстаз сөзін ұйып тыңдаған, балалар да сұрақтарын қойып, біраз ақпаратқа қанық болды.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19552,19553,19554,19556,19557"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары