Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облысының имамдары бас қосты
05 қазан, 2015 жыл 137 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы, Қарағанды облысының бас имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы қала, аудан мешіт имамдарын жинап, кездесу өткізді. Қажылық сапарынан аман-есен оралған бас имам қасиетті Меккеден алып келген зәмзам суы мен кәдесыйларын ұсынып, жиналысты жақсы ырыммен бастады. Әрі қарай сапардан алған әсерімен бөлісіп, Алла жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға ағалық ақылын айтты. Жиын ресмиден гөрі жан дүниеңді серпілтер рухани әңгімелерге толы еркін отырыс болды. Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, талай жыл ғұмырын бухгалтерия саласына арнап, өз саласы туралы құнды дүниелер жазған Нұра ауданының құрметті азаматы, зиялы қауым өкілі Бикенов Жарылқасын арнайы келіп, Өмірзақ қажы Қазкенұлына «Өмір сынақтарының сыры» атты автобиографиялық кітабын табыстады. Бұл құнды дүниені бастар алдында бас имамнан батасын алған екен. Сондықтан да қуанышты жаңалығымен бөлісуді жөн көрді. Автор бұл туындысында өзінің өнегелі өмірін жаза отыра, қоғамымыздағы тұтастай бір кезеңнің қым-қиғаш оқиғалары кеңінен көрініс тапқан.


Сонымен қатар, діни тақырыпта қалам тербеп жүрген «Иман» журналы мен «Ислам және өркениет» газетінің оқырмандарына жазылу науқаны басталғаны жөнінде хабарлайды.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19571,19572,19573,19574,19575,19576"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары