Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Республикалық ақпараттық – насихат тобы іс-сапармен Қарағанды өңіріне келді
06 қазан, 2015 жыл 132 Басып шығару нұсқасы

       Қарағанды облыстық орталық мешітінде ҚР МСМ істері комитетінің жанындағы дін мәселелерін түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық – насихат тобы өңір имамдарымен семинар өткізді. РАНТ мүшесі, Әзірет Сұлтан мешітінің ұстазы, теолог Мақсатбек Қайырғалиев және Алматы қалалық орталық мешітінің наиб имамы Сейдманов Оралхан мешіт имамдарына уағыз –насихатты жеткізудің тиімді жолдарымен бөлісті.


      Бүгінгі күні сан қилы ағымдардың жайылып кетуінен дін мәселесіне келгенде ойы сан-саққа кеткен халық кімге сенерін білмейді. Мақсатбек ұстаз «жат ағымдар мен экстремистік топтардың алдын алу және өзге діннің етегінде кеткендерді дәстүрлі дінге қайтару үшін ең алдымен мешіт имамдары білімді, жан-жақты болу тиіс» , -деді. Әрбір қарама-қайшылықтар туғзатын мәселеге қатысты -дәлел-дәйектерді имамдар жаттап, жадына тоқып, жамағатқа түсіндіру керек деп, өзі де солардың біразына нақты тоқталып өтті.


      Екінші бір мәселе елін, туған-туысын тастап кетіп жатқандардың басым көпшілігі орыс тілділер. Оларға орыс тілінде уағыз айтатын имамдар жоқтың қасы. Сондықтан да қазір осы жағдайға да көп көңіл бөлініп жатқанын да баса айтты. Алдағы уақыттың еншісінде 2025 жылға дейін білікті-білімді  500 имам даярлау жоспарланып отыр. Оқығаны мен тоқығаны көп дін қызметкерлерінің саны көбейген сайын, насихат күші артып, халықтың көзін ашуға мүмкіндік туады дегенді алға тартады  ұйым мүшелері.


      Жиын соңында барлығымыздың илегеніміз  бір терінің пұшпағы деген  әріптестер бірлесіп жұмыс атқаруға уәделесіп, тарқасты.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19591,19590,19589,19588,19587"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары