Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жүрекке жылу сыйлаған Үміт апа!
08 қазан, 2015 жыл 145 Басып шығару нұсқасы

«Кім жақсылықты қолдаса, одан оған несібе бар» (Ниса сүресі, 85-аят). Құран беттеріндегі жетімге қамқорлық жаса деп тікелей де жанамалай да айтылған аяттар иманды бауырларымызды әртүрлі қайырымдылық шаралар өткізуіне себепкер болып келеді. Мешіт жанашыры Үміт Сабирова Балқаш қаласының бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажымен бірге қаладағы «Арай» жасөспірімдер үйі, «Жанашыр» қоғамдық бірлестігі және «Жетімдер үйіне» арнайы барып, көмек қолын созды. Ата-ана қамқорынсыз қалған балалар жүрегі жұмсақ тәрбиешілерден тәрбие алып, Асылхан қажы Рақымжанұлы секілді имамдардан ұлағатты өнеге алып келеді. Үміт ханым секілді жаны жайсаң аналар өз кезегінде қолынан келген көмегін аянбай, жақсылық жасауда. Бүгінгі қайырымдылық шарада жасөспірімдермен қатар «Жанашыр» қоғамдық бірлестігінде тұрып жатқан қарттарға да көмек көрсетілді. Қараусыз қалған қарттар мен ата-ана қамқорлығынан ерте айырылған балалар бір сәт болса да жаттан жылылық көріп, көңілдерінде жұбаныш сезінді. Бақара сүресінің 215-ші аятында «...Хайырдан не істесеңдер, күдіксіз Алла оны біледі» деген. Үміт Сабирова секілді қолы ашық, жанашыр апалардың қатары арта түскей!


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19614,19615,19616,19617,19618,19619"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары