Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарттарға қамқорлық назардан қалған емес
08 қазан, 2015 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның төрағасы Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің үндеуі әрдайым қайырымдылыққа,қарттарға қамқор болуға насихатталған болатын ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілі Қарағанды облыстық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тікелей тапсырмасымен Бұқар жырау ауданы бойынша бас имам Аманбол қажы Рымқұлұлы мен ауыл молдасы С.Алдонгаров ауданға қарасты Ғ.Мұстафин кентінде орналасқан «Жизнь» қарттар үйінде болды. Жылдағы дәстүрмен қамқорлыққа алған қамқой қарияларды Қарттар күнімен құттықтап әсерлі уағыздар айтып, жағдайларын білді. Атаулы мерекеге дастархан жайып ас берді. Арнайы дайындалған сыйлықтар үлестіріп жандарына жылу сыйлауды ұмытпады. Айт күндері, Мәуліт сынды діни мерекелерде қариялармен қуанышты бірге бөлісетін имамдарды ата әжелер туғандарын көргендей құшақ жайып қарсы алады. Аудан мен ауыл имамдарын жақсы танитын қариялар көрген сайын марқайып қалатыны рас. Қандайда мереке күндері арнайы сыйлықпен келетін дін өкілдерін қариялар сеніммен үміттеніп күтіп отыратындарын да айтты. Қариялармен қуанышты бөлісіп арқа-жарқа болып қайтқан қос имамды қынжылтып, көңілдеріне кірбің беретіні қарттар үйіндегі қара шалдар мен ақ самайлы әжелердің көбеюі. Қарттарым асыл қазынам деген қазақ даласында жетім мен жесірін жерге қаратпаған. Сол текті халықтың ұрпағы бүгін де ата-баба салтын ұстанбай жүр. Кәрілік келіп қауқарсыз болғанда тек шарасыз болмасақ екен.


[gallery link="file" ids="19642,19643,19644,19645"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары