Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мүгедектер күнінде жасалған қайырымды шара
12 қазан, 2015 жыл 78 Басып шығару нұсқасы

Балқаш қаласы мешітінің бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажы Рахымжанұлы алақан жылуына мұқтаж жандарға қамқорлығын үдете түсуде. Мегедектер күніне орай Балқаш қаласындағы «Дамуы шектелген балаларға арналған №4 мектеп-интернатқа» қайырымдылық шарасы жасалды. Асылхан қажы ондағы 42 балаға арнап мешіт атынан арнайы тәтті тағамдар үлестірді. «Шын мәнінде мүминдер туыс қой...» деген «Хұжрат» сүресінің 10-аятында айтылғандай мектеп-интернаттағы балақайлар бас имамға өз туған бауырындай болып кеткен. Бірнеше жыл бойына аталмыш мекемедегі кемтар жандарға қайырымдылық қолын созып келе жатқан Асылхан қажы Рахымжанұлына мекеме басшылығы да өз кезегінде алғыс білдіріп, мақтау қағазып табыс етті. «Тәубе» сүресінің 71-аятында «Мүмин ерлер мен мүмин әйелдер, бір-біріне көмекші. Олар дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады...» деп айтылғандай, осы игілікті шара басқа да жомарт жандарға сабақ болғай!


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19716,19717,19718,19719,19720,19721,19722,19723,19724"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары