Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мешіт шәкірттері қайырымды іс жасады
13 қазан, 2015 жыл 74 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды өңірінің жастары Астана қаласында тұратын 7 балалы ананың үйіне арнайы барып қайтты. Қарағанды қаласының «Бала қажы» мештінің наиб имамы Қалмағанбетов Нұржан ұстаздан дәріс алып жүрген жас шәкірттер қайырымды іс жасады. 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған ананың жағдайы мәз емес. Бұл отбасы туралы әлеуметтік желілерде де белсенділер мен журналистер жарыса жазып жатқан болатын. Көп балалы ана саяжай маңындағы үйлердің бірін жалдап тұрып жатыр. Баламен үйде отырған ана жұмыс істемейді, үкімет тарапынан төленетін азғантай ақшамен күнелтуде. Бала қажы мешітінің шәкірттері де қайырымдылық жасап, көмек көрсетуді жөн көрді. Азаматтар азды-көпті азық-түліктерін алып Астанаға барып қайтты. Бірінің артынан бірі ілескен ағалы-інілі, қарындастарды ойнатып, тәтті-дәмдерімен бөлісті. Үйге қонақ келсе қуанып қалатын баланың әдеті, ағаларын жатырқамай тез үйреніп кетті. Балалар тақпақтарын айтып, мәз-мейрам болып қалды.


Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) өзінің хадистерінде: «Ақиқат байлық - мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық - кеңпейілділік, қайырымдылық» және «Қайырымдылық - жақсы қасиет» (Әбу Һүрайрадан (р.а.) имам Мүслім риуаят еткен), - деп кеңпейілділіктен кем болмайтынын айтады. Мешіт шәкірттерінің жасаған қайырымдылығы өзге жастарға үлгі боларлық іс.


«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19757,19758,19759,19760,19761"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары