Қасиетті жұмада Бұқар жырау ауданының бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы ауданға қарасты Баймырза ауылына ат басын бұрып жамағатпен кездесіп, әсерлі уағыз айтты. Жұма уағызы мүгедек жандарға қамқорлық жайында өрбіді. Тағдыр тәлкегімен арбаға таңылған ауыл тұрғыны Ермек те жұмадан қалмай келді. Оның мешітке келіп, Аллаға құлшылық етуге екі аяғының жүрмейтіні қол байлау бола алмады. Осындай жігерлі азаматқа бас имам көмек көрсетіп, қолғабыс жасады. «Тағдырға налымай еңсесін тік көтерген қайсар жігітке қарап талайлар тәубесіне келу керек», - деді аудан имамы. Аудандық «Нұр Отан» париясының бірінші орынбасары Іргебаев Төлеген де жұмаға қатысып, халықпен кездесіп қайтты. Аудан имамы ауыл мешітінің жағдайымен танысып, ауыл молдасына атқарылуы тиіс тапсырмалар жүктелді.
Бұқар жырау ауданының баспасөз қызметі
Пікірлер