Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бұқар жырау ауданында жаңа мешіттер бой көтеруде
15 қазан, 2015 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

Бұқар жырау ауданында соңғы жылдары сауапты амалдардың қатары артуда. Солардың бірі сауапты істердің ең абзалы -Алла үйін тұрғызу. Таяуда ғана Құрбан айт қарсаңында ауданға қарасты Керней ауылында жаңа мешіт ашылып, халықтың игілігіне берілген болатынн Енді Ростовка, Көкпекті ауылдарында мешіт салынуда. Жөндеу жұмыстары аяқталуға аз қалған қос мешіт биылғы жылы ел игігіне беріледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қоса аудан әкімі Н.С.Кобжанов Байқадам, Ғ.Мұстафин кентінде жаңа мешіт бой көтереді деп қуантты. Әкім ауданның бөлім басшыларын жаңа мешіттің салынатын орнына жинап, нақты тапсырмалар жүктеді. Жаңадан бой көтеретін мешіттің қандай-қалай болу керектігін ақылдасып, ой-пікірлерді ортаға салды. Ел игілігіне салынатын мешіт еңселі болсын деп қыратты жер таңдалынды. Алла үйі дәл орталықта саынып, алыстан мұндалап тұратындай болу керек", - деді аудан әкімі. Мешіт жүз адамдық намаз залы, имам бөлмесі, қосымша бөлмелермен жабдықталатын болады. Күмбезі 11 метр, мұнарасының биіктігі 16 метр деп жоспарлануда. Мешіт жанынан келешекке асхана салатын орында қарастырылып, мешіт аумағы кең етіп алынды. Жоба мен 40-50 млн. теңгені құрайтын құрылыс жұмысы ЖШС «Бирюза» медігер компания басшысы Жәнібек Ақмағанбетовке жүктелді. Бүгінде қордағы бар 10 млн.теңгемен жұмыс басталып кетті. Киелі орынға құрылыс бастамас бұрын аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы ақ батасын беріп, құрбан шалды. Жаңа мешіт ел игілігіне ендігі жылы беріледі деген үміт бар.


Бұқар Жырау ауданының баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19822,19823,19824"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары