Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Болашақ спортшылармен кездесу өтті
15 қазан, 2015 жыл 250 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қарағанды қаласының «Нұр Отан» партиясының ғимаратында жас спортшылармен кездесу өтті. Қарағанды өңірі бойынша «Жас Отан» Жастар қанаты мен ҚМДБ-ның «Жастар ісі бөлімі» жас спортшылардың басын қосып, дөңгелек үстел өткізді. Ертеңгі қазақ елінің намысын қорғайтын болашақ спортшыларға рухани нәр берер тұшымды дүниелер айтып, жастарды жігерлілікке, еңбекқорлыққа шақырды. «Жастар ісі бөлімінің» меңгерушісі Уақасов Мадияр діни құжат – «Мұсылман тұғырнамасымен» таныстырып, оның маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіріп берді. Діни адасушылық, жастар арасында бүлікшіл топтардың көбеюі діни сауатының төмендігі деп, әрбірі осы құжатта көрсетілген шариғат ережелерін жаттап алуы тиіс деді. Болашақ спортшыларды алда келе жатқан рухани келісім күнімен құттықтап, бауырмалдық пен ынтымақтастыққа шақырды.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19842,19843,19844,19845,19846"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары