Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жастарға дұрыс жол көрсетейік!
16 қазан, 2015 жыл 13 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамдары елдің болашағына алаңдаулы. Қоғамда орын алып жатқан көптеген елеулі оқиғалар, соның ішінде діни экстремизм мәселесі немқұрайлы қарайтын нәрсе емес. Сондықтан, мешіттің бас имамы Нұров Махмұт қажы Нұрұлы ертеңгі болашақ жастармен тікелей жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлуде. Жат ағымның көлеңкесінде жүріп, діни экстремизмнің айдауына кетіп қалмасын деген ниетпен Сұрыптау елдімекенінде діни жиын өтті. «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Қалмағанбетов Нұржан Оңғарұлы «Теміржолшылар мәдениет үйінде» жиналған жастарға діни экстремизмнің төркіні қайда жатқаны, одан сақтану жолдары туралы уағыз-насихат айтты. Ғимарат іші лық толған жас ұрпаққа жөн сілтеп, дұрыс пен бұрысты айыратын бағыт-бағдар көрсетіп, тәлім мен тәрбие беріп қайтқан наиб имам Нұржан Оңғарұлы реті келген сәтті пайдаланып, барша жасты мешітке келіп, діни ілім алуға баулыды. «Асыл дініміз адамдарды біріктіреді, жерлестік, руластық, сыйластық, адамгершілікке тәрбиелеп, тазалыққа баулыйды. Ал, терроризм, бұның барлығына қарсы қояды, сол себепті дұрыс жолда жүріңіздер», - деп, жастарды бірлікке шақырды.


«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19849,19850,19851"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары