Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Исламтанушы уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді
19 қазан, 2015 жыл 20 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды өңіріне исламтанушы, ҚМДБ-ның уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, теолог, PhD докторы, Оңғаров Ершат Ағыбайұлы келіп, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында елді-мекендерді аралап жүрген насихат тобының Қарағандыға алғаш келуі емес. Осы жолғы сапарында Ершат Ағыбайұлы Қарағанды облыстық орталық мешітінің имам, ұстаздарымен бірге «Қазақмыс» корпарациясы мен «Жылу электр станция» ұжымымен кездесу өткізіп, ислам құндылықтарын насихаттады. Діни экстремизм мен терроризмнің зардабы мен зиянын айта келе, жиналғандарға дәстүрлі дінді насихаттап, таза жолмен жүруге шақырды. Осы орайда мұсылман құжаты – «Мұсылман тұғырнамасын» таныстырып, ондағы діни қағидаларды білген адам адасушылыққа жол бермейтінін айтты. Жұмыскерлер исламтанушының сөздеріне құлақ асып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Кейін Қарағанды қалалық №1-ші мешітке келіп, құптан намазы алдында жиналған жамағатқа уағыз айтты. Атқарылып жатқан жұмыстар оң нәтиже беріп, ислам діні тамырын тереңге жая беруге біз де тілекшіміз!


[gallery link="file" ids="19900,19901,19902,19903,19904,19905,19906,19907,19908,19909,19910,19911,19912,19913,19914,19915,19916,19917"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары