Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Ашура күні» жайлы салиқалы сұхбат берілді
23 қазан, 2015 жыл 13 Басып шығару нұсқасы

IMG-20151021-WA0000Мухаррам айындағы сауабы мол күндердің бірі «Ашура». Ашура күнінің қасиеті мен қадірін біреу білсе, біреу білмейді. Бұл күні Ала разылығы үшін  ораза ұстау ең сауапты амалдардың бірі. Бұл күнгі ұстаған ораза бір жыл бойы ұстаған оразамен тең. Осындай шарапаты мол күнді білетіндер қатары аз. Қоғамның айнасына айналып отырған БАҚ –тың ең пәрмендісі телевидение. Сондықтан да бала да, шаға да көретін көгілдір экраннан осындай қадірлі күндердің бар екенін, оның қандай қасиеті турасында көбірек берілгені қоғамның пайдалы ілім алып, дұрыс тәрбие алуына бірден-бір себеп. Теміртау қаласының жергілікті «Сфера»  телеарнасында «Ашура» күніне орай бұл күннің қасиеті мен қадірі турасында салиқалы сұхбат болды.  Алдағы уақытта Теміртау   қаласы   орталық  мешітінің  наиб  имамы  Төреханов  Мусаханның  «Ашура»  күнінің   маңызы   жайында айтқан әсерлі әңгімесін тыңдай аласыздар.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары